Аймақтар • 29 Наурыз, 2021

Зейнеткердің әмиянын ұрлаған

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз айының басында Көкпекті ауданында белгісіз біреу 74 жастағы зейнеткердің әмиянын қолды қылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Зейнеткердің әмиянын ұрлаған

Аудандық полиция бөлімінің 102 жедел арнасына хабарласқан 74 жастағы ер адам белгісіз біреу пакетінен әмиянын ұрлап кеткенін айтқан. Әмиянында жеке куәлігі, банк картасы және 70 мың 700 теңге сомасындағы ақша болғанын хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай 24 жастағы Көкпекті ауылының тұрғынын анықтаған. Жауап алу кезінде күдікті кінәсін мойындадыы. Іс бойынша, ұрланған мүлік тәркіленіп, ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Көкпекті ауданы