Депутаттар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенцияны ратификациялауды қарайтын болды.
Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы да отырыстың күн тәртібіне енгізілді. Оны қабылдау мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды таратудың бірыңғай ережелері мен рәсімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Сенат отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да талқыланады. ЕАЭО аумағында бағалы металдар мен асыл тастардың еркін айналымын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау осы жұмыстың нәтижесі болады.