Bing Guan/Reuters
Интернет ресурстарындағы мәлімдемеден саясаткер мен оның командасы «Трамп әкімшілігінің мұрасын сақтауға» ниетті екенін аңғарамыз. Сондай-ақ Трамптың сайлауалды кампаниясының «Американы қайтадан ұлы етіңіз» деген ұран мақсатын жалғастыруға бел буғандығы байқалады.
«Азаматтық және қоғамдық белсенділік арқылы Дональд Трамптың кеңсесі барлық саладағы американдықтарды ақпараттандыруға және оқытып, шабыттандыруға тырысады. Біз Америка Құрама Штаттарының шынымен де үлкен болашағын құрамыз деп үміттенеміз», деп жазылған хабарламада.
Экс-мемлекет басшысы «бұғатталуынан» болса керек, бұған дейінгі мәлімдемелерінің бірінде «өзінің платформасымен» әлеуметтік желілерге қайта оралуға ниетті екенін айтқан болатын.