Аймақтар • 30 Наурыз, 2021

Алматыда коронавирусты анықтайтын 20 зертхана бар

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Онлайн брифинг барысында қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирусты анықтайтын 20 зертхана бар екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда коронавирусты анықтайтын 20 зертхана бар

«Өткен жылы бізде 4 зертхана болды, олардың қуаттылығы 3 мыңға да жетпейтін. Қазір біз коронавирусты анықтайтын 20 зертхананы іске қостық. ПТР зертханалар қуаттылығы тәулігіне 14 500 тест. Өткен аптада бір тәулікте 8 600 зертханалық тексеру жүргізілді. Зертханалар толық дайын», дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар Жандарбек Бекшин зертханалар жұмысы бақылауда екенін айтты.

«Ең бастысы қажетті материалдармен жабдықталған. Қазір тестілер мен реактивтер саны жеткілікті. Былтырғы оқиғадан сабақ алдық. Айта кетейін, әкімдік тарапынан көптеген қолдауға ие болдық. Материалдық көмек көрсетіліп жатыр», дейді ол.

Айта кетейік, Алматы 10 наурыздан бері «қызыл» аймақта. Өткен тәулікте мегаполисте коронавирус жұқтырған адамдардың саны 545-ке жетті.

Соңғы жаңалықтар

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30