Аймақтар • 30 Наурыз, 2021

Шымкенттік таеквондошылар ел чемпионы атанды

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында, Олимпиадалық таеквондодан (WT) ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкенттік таеквондошылар ел чемпионы атанды

Аталған жарысқа Шымкент қаласынан 18 спортшы қатысып, 4 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Бұдан басқа, олар командалық жүйедегі бас жүлдені құрама қоржынына салды. Туған жеріне жеңіспен оралған жеңімпаздарды, таеквондо федерациясының президенті Нұрсұлтан Жұманов арнайы құттықтап марапаттады. Жеңімпаз спортшыға федерация тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Алтын медаль алғандар:
Темірхан Самат 54 келі.
Лес Абдуссамат 74 келі.
Дүйсебай Смайыл 87 келі.
Ергешова Феруза 73 келі.

Күміс медаль иелері:

Абабакиров Самирхан 54 келі.
Дуйсенов Шамсат 58 келі

Қожахмет Нұрқанат 80 келі.
Ирисметова Зиеда 46 келі.
Нарбаева Ясмина 57 келі.

Қола медаль алғандар:
Бақтиярұлы Қазыбек 63 келі .
Қожахмет Алмат 68 келі.
Бақберген Нұрсат 68 келі.
Марипов Абдурахман 74 келі.
Усманова Асель 49 келі.