Аймақтар • 30 Наурыз, 2021

Түркістанда «Президент Назарбаев» қызғалдағы өсірілуде

867 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бағында отырғызылған 3000 түп Назарбаев қызғалдағы гүлдеді, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Түркістанда «Президент Назарбаев» қызғалдағы өсірілуде

«Президент Назарбаев» деп аталатын қызғалдақтың жаңа сұрыпы былтыр егілген.

Түркі елдерінің саммитіне орай Назарбаев қызғалдағын арнайы жылыжайда өсіру және күтім жасау ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Апушев және биология ғылымдарының кандидаты Бахадур Юсуповтың жетекшілігімен жүзеге асуда. Алдағы уақытта қызғалдақ санын едәуір арттыру көзделген. «Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналатынын ғалымдар дәлелдеген және Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында да ерекше атап өтті. Қазақстан жерінен алғаш рет дала қызғалдақтары XVIII ғасырда түрік падишахтары арқылы Түркияға, одан әрі Австрия мен Голландияға таратылды. Қазіргі кезде Голландия елі қызғалдақтың түрлі сорттарын шығаруда. Елбасы Н.Назарбаевтың мақаласы шыққаннан кейін, Голландияда 3 түрлі сортты қызғалдақтың түрі дайындалды. Атап айтқанда, «Президент Назарбаев», «Республика Казахстан», «Астана» сорттары», дейді Бахадур Юсупов.

Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары Елбасы атымен аталатын әсем қызғалдақ гүлін университеттің ботаникалық бағынан тамашалай алады. Университет ғалымдарының қызғалдақ өсірудің заманауи технологияларын игеруінің арқасында биылғы жылы Ботаникалық бақта қызғалдақтың 7 сорты өсіріліп, гүлдеді. Сондай-ақ қызғалдақ гүлінің жаңа сұрыптарын шығару бағытында да зерттеу жұмыстары жүргізілуде.