Қазақстан • 30 Наурыз, 2021

ҰБТ-ны екі аптаға тоқтата тұру туралы жалған ақпарат таралуда

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазнетте осы жылдың 30 наурызынан бастап бүкіл ел бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру процесі екі аптаға тоқтатылатыны туралы хабарлама тарады. Бұл – жалған ақпарат, деп хабарлады stopfake.kz.

ҰБТ-ны екі аптаға тоқтата тұру туралы жалған ақпарат таралуда

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов 30 наурыздан бастап ҰБТ-ны кейінге қалдыру туралы қауесетті жоққа шығарды.

– Иә, бұл фейк. Түлектер КВИ жұғуы мүмкін деп қауіптенсе, ҰБТ-дан бас тарту туралы өтініш жаза алады, біз оларға ақшаны қайтарып береміз. Жалпы, тест тапсырғысы келетіндер оны қазір немесе шілде-тамыз айларында тапсырады, не болмаса одан бас тартып, ақшасын толық қайтарып алады. Бірақ ҰБТ өткізілмей қалмайды, – деді ол.

Биыл ҰБТ-ның наурыз айындағы кезеңі алғаш рет «бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» қағидаты бойынша электрондық форматта өткізіледі. Тестілеу 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында ұйымдастырылады. Оған биылғы және өткен жылдардағы орта білім беру мекемелерінің түлектері, шетелдік орта білім беру мекемелерінің түлектері, сондай-ақ алдыңғы тестілеу кезінде ЖОО-ға тегін негізде қабылдау үшін шекті балл жинамаған немесе нәтижелері жойылған адамдар қатыса алады.