Қазақстан • 30 Наурыз, 2021

Алексей Цой коронавирустың жаңа штамы анықталған өңірлерді атады

4234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының референс-зертханасы жүргізген зерттеулердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында «британдық», «оңтүстік африкалық», «бразилиялық» штамға тән ықтимал мутация анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Алексей Цой коронавирустың жаңа штамы анықталған өңірлерді атады

«Зерттеу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысынан өзге өңірлерде «британдық», «оңтүстік африкалық», «бразилиялық» штамға тән ықтимал мутация анықталды. Алматы қаласында науқастардан алынған ДНК-ның секвенирлеу нәтижесі бойынша «британдық» және «оңтүстік африкалық» штамының айналымы белгіленген», деді А.Цой.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 30 наурыздағы деректері бойынша «британдық штамм» 125 елде, «оңтүстік африкалық» - 75 елде, ал «бразилиялық» 41 елде анықталды.

Коронавирустың жаңа штамдары мен алғашқы штамның белгілері бірдей – дене температурасы көтеріледі, жөтел және адам дәм мен иіс сезбей қалады. ДДҰ мәліметтері бойынша вирустың ықтимал мутациясы адамдардың індетті жұқтыру жиілігіне қарай артады.