Оқиға • 30 Наурыз, 2021

Ұланда 120-дан астам оқушы уланған

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлан ауданы, Бозанбай ауылындағы мектепте 120-дан астам оқушы тамақтан уланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұланда 120-дан астам оқушы уланған

Мектеп оқушыларының жаппай улануына байланысты мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, зардап шеккен балалардың саны артқан. ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Қанат Тұрдиевтың айтуынша, 29 наурыздағы жағдай бойынша 14 жасқа дейін 93 бала, 28 жасөспірім және алты ересек адам уланған. Бұл 127 адамның 110-ы Бозанбай орта мектебінің оқушылары.

«Науқастардың дене қызуы көтерілген. Жүректері айнып, құсқан. Өскемендегі Ана мен бала орталығының жұқпалы аурулар бөліміне 62 бала жатқызылды. Қалғандарды үйлерінде дәрігер бақылауында», деді Қанат Тұрдиев.

Сондай-ақ, эпидемиологиялық тексеру барысында уланғандармен байланыста болған 383 адам анықталды. Олар да медициналық бақылауға алынды. Қазіргі уақытта департамент мамандары мен Ұлттық сараптама орталығы тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қылмыстық іс бойынша тамақ өнімдерінің сынамасы алынды. Мектеп карантинге жабылды.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін де Бозанбайдағы мектепте оқушылар тамақтан уланған.