Оқиға Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қарауылтөбе ауылында 25 наурызда болды.
№27 өрт сөндіру бекетінің бастығы Ақан Нұрғалиев ауыр соққылардың нәтижесінде қайтыс болды. Марқұмның ағасы Руслан Нұрғалиевтің айтуынша, бөлім басшысын әріптестері түнгі сағат 23:00 шамасында жұмысқа шақырған. Себебі хабарлаушыға белгісіз.
«Өрт сөндіру бекетінде екі өрт сөндірушіден басқа тағы екі сырттан келген адам болған. Барлығының мас күйде болғаны анықталды. Мен қандай жанжал шыққанын, кім кімді ұрғанын білмеймін, бірақ менің ағам қатты соққыға жығылған. Өрт сөндіру бөлімінде дәлелдемелерді жасыру үшін камералар бұзылды. Келесі күні ағам бауырымыздың қорасынан табылды, олардың үйі ауылдың шетінде орналасқан. Таңертең жеңгем қорада біреудің жатқанын көріп, ағамды таныған. Бұл туралы бізге бірден хабар беріп, жедел жәрдем шақырылды. Ол дереу облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Ал 27 наурызда таңғы сағат 5-те қайтыс болды. Артынан үш баласы жетім қалды», деді Руслан Нұрғалиев.
Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.