«Жедел-іздестіру іс-шара кезінде ұсталған азаматтың Атырау қаласындағы Гайдар көшесіндегі пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы 1 килограмм синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Ұсталған азаматқа ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды» деді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Қазір ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.