Аймақтар • 31 Наурыз, 2021

Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін

753 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.



Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін

Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, жылымық кезде жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 31 наурыз - 2 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

«Көшкін жүру қаупі ықтимал болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар» делінген ведомстваның хабарламасында. Қазгидромет ауа райы болжамына сәйкес еліміздің батыс және солтүстік аймақтары жоғары атмосфералық қысым аумағында болғандықтан, күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, күндіз оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды.