Қазақстан • 31 Наурыз, 2021

Шетелден келгендерден коронавирустың «британдық штамы» анықталды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанға Шарм-эль-Шейх пен Дубайдан әуе рейсімен келген 8 адамнан коронавирустың «британдық штамы» табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетелден келгендерден коронавирустың «британдық штамы» анықталды

«Орталықтың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасы толық геномдық секвенирлеу әдісімен COVID-19 оң нәтижесі бар 265 үлгіні зерттеді. SARS-CoV-2 вирусының генетикалық сипаттамасына бұл сынамалар Қазақстан Республикасының 14 өңірінен алынды. Нуклеотидтер тізбегін талдау нәтижесінде мамандар 12 вирустан «британдық штамм» генотипін анықтады.

12 штамның 8 жағдайы Шарм-ел-Шейх (Египет) және Дубай (Біріккен Араб Әмірліктері) халықаралық рейстері арқылы келген азаматтардан табылды», делінген хабарламада. Орталықтың мәліметінше, қазіргі уақытта бұл елдерде SARS-CoV-2 коронавирусының «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штамдары көп байқалуда.

«Британдық штамның» генотипі бар 4 вирус Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Ақтөбе облысында табылды. Бұл вирус шетелден келген азаматтардан таралған болуы мүмкін», делінген хабарламада.