Қазақстан • 31 Наурыз, 2021

QazCovid-in вакцинасы клиникалық сынақтардың соңғы кезеңінен өтіп жатыр

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық ғалымдар әзірлеген QazCovid-in коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық зерттеулердің соңғы үшінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

QazCovid-in вакцинасы клиникалық сынақтардың соңғы кезеңінен өтіп жатыр

«Зерттеу жұмыстарының алғашқы екі кезеңі 2020 жылдың қараша айында аяқталды. Оған 200-ден астам қазақстандық қатысты. Клиникалық зерттеулердің алғашқы екі фазасының нәтижелері QazCovid-in инактивтендірілген вакцинасының қауіпсіз екенін, сондай-ақ антиденелер қалыптастырып, жасушалық және гуморальдық иммунитетті индукциялайтынын көрсетті.

Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі өткен жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Оған 3 мың ерікті қатысып жатыр. Ресми түрде волонтер болғысы келетін және бағдарламаға қосылуға ниет білдірген қазақстандықтардан ҚР БҒМ Ғылым комитетіне көп өтініш келіп түсті. Ресми зерттеу хаттамасынан тыс вакцинаны салдыртуға дайын еріктілер де болды», деді Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.