Елорда • 01 Сәуір, 2021

Елордада сүрілетін үйлердің орнына қандай пәтер берілетіні белгілі болды

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы ескірген немесе апаттық жағдайдағы үйдің тұрғындарына бұрынғы баспанасының ауданына сәйкес пәтер беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада сүрілетін үйлердің орнына қандай пәтер берілетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мамандары редакция жолдаған сауалға осылай деп жауап берді.

«Жобаның шарттарына сәйкес, апатты үйлердің меншік иелеріне бұзылатын тұрғын үйдің бөлмелерінің санына және отбасы мүшелерінің санына (бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес) байланыстырмай, бұзылатын апаттық тұрғын үйдің орнына ауданы бойынша тең мөлшердегі жаңа пәтерлер беріледі», дейді елорда әкімдігінің өкілі.

Басқарма мамандары сүрілген нысан тұрғын үй болмаса оның шығыны ақшалай да қайтарылуы мүмкін ескертеді.

«Тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне меншік иесінің қалауы бойынша мүліктің нарықтық құны бойынша ақшалай өтемақы немесе ауданы бойынша көлемі бірдей тұрғын емес үй-жайлар беріледі», делінген ведомствоның берген жауабында.

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Бүгін, 09:35

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Бүгін, 09:30

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:20

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Бүгін, 08:55

Рухани құлдыраудың ащы шындығы

Руханият • Бүгін, 08:48

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Бүгін, 08:43