Саясат • 01 Сәуір, 2021

Қазақстанның Тұрақты өкілі Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директорымен кездесті

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның Тұрақты өкілі Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директорымен кездесті

Қазақстанның ДСҰ 12-ші министрлік конференциясына төрағалық етуін ескере отырып, кездесу барысында ұйымның өзекті күн тәртібі бойынша маңызды нәтижелерге қол жеткізу мақсатында осы жаһандық іс-шараның бірлескен дайындығына және негізгі басымдықтарына ерекше назар аударылды.

Бас директор ДСҰ Хатшылығының өкілдері өз тарапынан ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясына дайындық барысында барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінінін атап өтті.

Тараптар сондай-ақ әлемде қалыптасып жатқан эпидемиологиялық жағдай аясындағы жаһандық сауданың дамуы бойынша пікір алмасты.