Елші Қ. Нұрпейісов Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәдени байланыстардың қазіргі оң серпінін атап өтті, өткен жылы Бішкекте Абай Құнанбайұлы атындағы мәдени орталық ашылғанын, ҚР Мәдениет министрі А. Райымқұлованың Қырғызстанға сапарын тілге тиек етті. Оған қоса, екі елдің кино өнері саласындағы қол жеткізген жетістіктері де назардан тыс қалған жоқ.
Өз кезегінде С. Шер-Нияз жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан екі ал арасындағы ақындар айтысы, көркем және деректі кино саласындағы, және басқа да мәдени байланыстар туралы мәселелерге жан-жақты тоқталып өтті.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтып, дамыту, оның ішінде бірлескен іс-шаралар өткізу бойынша пікір алысты.