Экономика • 02 Сәуір, 2021

Электр қуаты неліктен қымбаттады?

208 рет көрсетілді

Сәуірден бастап Қазақ­стан­дағы жылу-электр стан­саларында тарифтің шек­ті деңгейі орташа есеппен 15%-ға қымбат­тай­ды. Энергетика вице-министрі Қ.Ра­хымовтың айтуынша, бұ­ған кен орындарындағы кө­мір бағасының қым­бат­тауы, сондай-ақ 70-ші жылдары іске қосыл­ған энергетикалық нысан­дар­дың тозуы әсер етіп отыр.

Ведомство өкілі еліміздегі 45 энергия өндіруші ұйымның 37-сінде шекті тариф мөлшері өсетінін айтты. Алғашқыда тариф 36% деңгейінде ұлғаяды деп болжанған. Десе де жарты жыл ішінде берілген өті­німдерге талдау жүргізіліп, талқылаулардың нәтиже­сін­де оның құны екі есеге төмендетілді деді министрдің орын­басары.

«Қазақстандағы энерге­ти­ка­лық нысандардың басым бөлігі XX ғасырдың 60-70-ші жылдары пай­далануға берілген еді. 2020 жыл­дың қорытындысына сәйкес, республикалық энергетикалық активтердің тозуы 53%-ды құрап отыр. Сәйкесінше, генерация сек­торындағы негізгі шығындар олар­ды жұмыс жағдайында ұстап тұру­ға бағытталып, көптеген стан­садағы кіріс мөлшері нақты шы­ғын­дардан төмен болды. Электр стансаларында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасы алаңдаушылықты тудырып отыр. Бұл бірінші кезекте қаражаттың жет­кіліксіздігімен байланысты. Өкінішке қарай шекті тарифте қарастырылған жөндеу жұ­мыс­тарына жұмсалатын шығын мөл­шері қажеттіліктерді толық қам­ты­майды», деді Қ.Рахымов.

Құзырлы органның мә­лі­ме­ті­не сүйенсек, жаңғыр­ма­лы энер­гия көздері өндіретін электр энергиясын міндетті сатып алу көлемі де былтырғы кезеңмен салыс­тырғанда 68%-ға, сондай-ақ балама энергетикаға жұмса­ла­­тын шы­ғындар 49%-ға өсті. Сол се­кіл­ді айлық есептік көр­сет­­­кіш­тің өсуіне байланысты бюд­­жет­­ке төленетін міндетті тө­лем­дер шы­ғын­дарының артуы мен елі­міз­ге импортталатын жаб­дық­­тар бо­йын­ша бағаның өсуі де баға саяса­ты­на әсер етсе керек.

«Толық қаржыландырудың жоқ­­ты­ғынан өндірістік апаттар мен технологиялық олқы­лық­­тардың өскені байқалады. Был­тыр Қазақстанның бір­тұ­тас электр энергетикалық жүйе­сін­де 4 458 технологиялық бұзу­шы­лыққа жол берілді. Әр ірі тех­но­логиялық бұзушылық – бұл Қазақ­станның бүкіл энерге­ти­ка­­лық жүйесіне қауіп тудырады. Электр стансаларындағы шекті та­рифтерді уақтылы түзету жаң­­ғыртуға байланысты жұ­мыс­­ты сапалы жүзеге асы­ру­ға, сондай-ақ 2021-2022 жыл­да­р­дағы күзгі-қыс­қы маусым­нан сәт­­ті өту­ге және авария­лық жағ­­­дай­лар­ды азайтуға арналған жөн­­деу жұ­мыс­та­рын толық кө­лемде жүр­гізуге мүмкіндік бе­ре­ді», деді вице-министр.

2020 жылы Қаражыра ке­нін­де көмірдің бағасы 8,6%-ға, ал «Богатырь көмір» кәсіпор­нында 9,9-ға, сол секілді көлік­тік тасымалдау құны 7%-ға қым­бат­тапты.

«Энергия өндіруші ұйым­­дар­дың көмір кен орын­да­ры­ның алдында шамамен жалпы сомасы 2 млрд теңге және газ өндіретін кәсіпорындардың алдында 4 млрд-тай теңге берешегі бар», деді Қ.Рахымов.

 

Энергетиктер тапшы, жалақы мардымсыз

Энергетиктер айтқандай, шек­­ті тарифтерді уақтылы түзе­ту ша­мамен 23 мың жұмыс орнын сақтауға көмектеседі.

«2016 жылы Қазақстанның не­гізгі электр стансаларында өнді­рістік персоналдан 26 мың­нан аса адам жұмыс істе­ген болса, 2020 жылдың қоры­тын­ды­сы­на сәйкес, өндіріс көлемінің 15%-ға өскеніне қарамастан олар­дың саны 23 мың адамнан асқан жоқ. Таяу арада энергия өндіруші ұйымдарындағы бас­қару жүйесінде білікті пер­со­налға және олардың кәсі­би­лігін жоғары деңгейде ұстап тұруға басымдық беріледі. Ол үшін тиісті бағдарламаларды қабылдап, еңбекақыны жоспарлы түрде ұлғайту қажет», деді Энергетика министрінің орынбасары.

Республика аумағындағы жы­лу және электр энергиясын өн­ді­ріп, тарататын кәсіп­оры­­н­­дар­дағы жалақы жиырма жыл ішінде өзгермеген. Сала­лық жа­ла­­қының көрсеткіші жағы­нан еліміз төменгі сатыда ор­на­лас­қан. Бұл туралы Қазақс­тан­дық энер­гетиктердің салалық кә­сіп­о­­да­ғының төрағасы Оразбек Бекбас айтты.

Ол отандық энергетиктердің еңбекақысы ТМД елдері арасында ғана емес, еліміздегі өнді­ріс­тік кәсіпорындар арасында да тізімнің соңында келе жат­қа­нын жеткізді. Атап айт­қан­да, энер­гетиктердің еңбек­ақысы 6,9%-ға төмен.

«Мұның салдарынан қажетті мамандар басқа жоғары ақылы са­ла­­ларға, сондай-ақ көрші мем­ле­­­­кет­терге де еріксіз көшеді. Мы­­салы, «Атырау Жарық» АҚ-да былтыр 1 311 қызметкердің 98-і жұ­мыстан кетті. Ал «Қос­та­най Жылу энергетикалық ком­­па­ния­сы» кәсіпорнында 753 адам­ның 156-сы жұмыстан шы­­­ға­рылды. «СевКазЭнерго» ұйы­­мында 1 158 қызметкердің 191­-і көрші Ресейге жұмысқа кетті. Са­­­­лыстырмалы түрде, энер­­ге­­­тик­тердің еңбекақысы көр­­ші­­лес мем­лекеттерде 21%-ға ар­тық. Мысалы Беларусь Рес­пуб­­­ли­ка­сында бұл сан 28%-ға, Қыр­ғыз­станда орташа еңбекақы орта­ша жала­қыдан 44%-ға жоға­ры», деді О.Бекбас.

Өкінішке қарай, өндірістегі жазатайым оқиғалардың саны да азаймай тұр дейді салалық кәсіподақ өкілдері. Айталық, 22 жағдайдың 14-і өліммен аяқталады екен.

«Сала қызметкерлерінің айтуынша, мұндай жағдай мемлекет пен реттеуші органдар тарапынан дұрыс көңіл бөл­меу салдарынан орын алып отыр. Өкініштісі сол, біздің энер­ге­тик­терге еңбекақыны кө­те­ру мәсе­лесіне байланысты Үкі­мет­ке, Парламентке, Энер­ге­­тика, Еңбек және халықты әлеу­­меттік қорғау, Ұлттық эко­­но­­­мика министрліктеріне бір­­­не­ше рет жасаған өтініш­те­рі­­міз ше­шімін таппады. Бұл ты­ғы­рық­тан шығудың бір жолы – энер­ге­тик­тер­дің жалақысын өңір­лердегі орташа деңгейге дейін бір мезетте көтеру, мұны тариф бекітілген кезде ғана жа­сау­­ға болады», деді кәсіподақ бас­шысы.

Тағы бір мысал ретінде энер­ге­тикалық мамандықтарға тү­се­тін талапкерлер санының азаюы кел­­тірілді. Сол себепті кә­сіп­орын­дар еріксіз зейнет­кер­лік жас­тағы мамандарды ұстауға мәжбүр. Жас мамандар кәсіптің ал­ғашқы дағ­дыларын игерген соң, жо­ға­ры ақылы жұмысқа ауысатын кө­рінеді.

2020 жылдың қорытын­ды­сы­на сәйкес, елімізде электр энергиясын тұтыну көлемі 107,3 млрд киловатт-сағатты құрап, отан­дық электр стансалары 108 млрд кВт электр энергиясын өндірген. Министрліктің дерегіне сүйенсек, электр стан­са­ла­рының жалпы белгіленген қуат­ы қаңтарда 23,6 мың мега­ват­­­ты құрады. Бұл ретте 2020 жылғы қарашада электр жүк­те­­месінің жылдық максимумы 15,6 мың мегаватты көрсеткен еді. Өндіру құрылымындағы отын түрлері генерациялайтын көздердің үлесі келесідей. Мә­се­лен, көмір – 68%, газ – 20%, су электр стансалары – 9% және жаң­ғырмалы энергия көздері – 3 %.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда үшем дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 12:50

Ертең Үкімет отырысы өтеді

Үкімет • Бүгін, 11:31

Тәуелсіздік тұлғалары

Елорда • Бүгін, 09:16

Аида – әлем чемпионы!

Спорт • Бүгін, 09:14

Алматы қаласы «сары» аймаққа өтті

Коронавирус • Бүгін, 09:09

«Ақ бидай» ойындары аяқталды

Ұлттық спорт • Бүгін, 09:03

Жастар жәрдемі

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Сенім арт маған, туған ел!

Аймақтар • Бүгін, 08:54

Сақтанған сау қалады

Медицина • Бүгін, 08:47

Оқушыларға абай болайық

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Дамудың сенімді іргетасы

Қазақстан • Кеше

Іні-досқа ілтипат хат

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар