Оның айтуынша, форум жақын арада іске қосылатын ірі бірлескен инвестициялық жобалар бойынша өзара ынтымақтастыққа жол ашады. Премьер-Министр Мажарстанның үш жыл бұрын Түркі кеңесіне бақылаушы ретінде қабылданғанын атап өтті. «Содан бері ел дипломатиясы Кеңеске мүше мемлекеттермен байланысты нығайтуға көп көңіл бөлді», деді ол.
В.Орбан Мажарстан үшін басым міндеттер қарым-қатынасты стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін көтеру және әр елде дипломатиялық миссия құру болып табылатынын еске салды. Ол әлемдік сауда 9 пайызға төмендеген өткен жылы Мажарстанның Түркі кеңесіне мүше елдермен тауар айналымы 3 пайызға артқанын атап өтті. Сондай-ақ биыл Мажарстан университеттері мен колледждеріне түркі елдерінен 5 мың жас оқуға түскен. Орбан елдің түркі инвестициялық қорына қосылуға және даму жобаларына қаражат салуға деген ниетін растады.