Елорда • 02 Сәуір, 2021

Елордадағы «Шапағат» базарында өрт шықты

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Шапағат» базарында өрт шығып, жедел қызметтің мамандары жалынмен арпалысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордадағы «Шапағат» базарында өрт шықты

«Бүгін 22:30-да Нұр-Сұлтан қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр 69 мекенжайы, Шапағат базарына шақыртуға аттанды. Бара салысымен шатырдың және сыртқы жабынды қабаттың өртеніп жатқаны анықталды. Қазіргі сәтте өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр» делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алдын ала ақпараттар бойынша оқиға орнында шұғыл өрт сөндіру штабы құрылған. Құрбан болғандар мен жапа шеккен ешкім жоқ. Өртті Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-ға қарасты 8 техника мен 32 маман сөндіріп жатыр.