Коронавирус • 03 Сәуір, 2021

Еліміздің 6 өңірі «қызыл» аймақта тұр

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің 6 өңірі «қызыл» аймақта тұр

Комиссия мәліметі бойынша бүгін Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта орналасқан. Ал Шымкент қаласы және Ақмола мен Қарағанды облыстары «сары» аймақта тұр. Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.

Жалпы Қазақстан әлемдік эпидемиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта тұр.