Қоғам • 03 Сәуір, 2021

Қазақстанда 267 мың адам зейнетақы жинағын баспанаға жұмсауға ниетті

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 267 759 өтініш, емделуге 4 263 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда 267 мың адам зейнетақы жинағын баспанаға жұмсауға ниетті

Инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға 1 062 өтініш келіп түсті.

Өтінімдердің қабылданбауының себептері:
1.    Сомалар дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген.
2.    Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.
3.    Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсетті.
4.    Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген.
5.    «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен.
6.    Салымшылар қайталайтын өтінімдер берген.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше