Қоғам • 03 Сәуір, 2021

Мониторингтік топтар «Гоголь», «Лолита» қонақтарын таратты

169 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы түнгі мекемелердің жұмысын мониторингтік топтар анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мониторингтік топтар «Гоголь», «Лолита» қонақтарын таратты

Карантин шараларын бұзғаны үшін бизнес субъектілері мен жеке тұлғаларға жалпы сомасы 170 млн теңгеден асатын айыппұл салынды

Жыл басынан бері мониторингтік топтар 12,5 мыңға жуық нысанды тексерді, карантиндік шаралар бұзылған 1426 нысан анықталған. Заңды және жеке тұлғаларға жалпы сомасы 172 млн теңгеге 2438 хаттама толтырылды. 28 қасақана қаулы бұзушыға қатысты сот қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды.

Жұқтыру оқиғаларының көбейгеніне, сонымен бірге мутацияланған британдық және Оңтүстік Африкалық КВИ штамдарының таралуына қарамастан, қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілері келушілер мен қызметкерлердің өмірлеріне қауіп төндіре отырып, эпидемиологтардың талаптарын бұзуды жалғастыруда.

Мысалы, Алматы Медеу ауданының мониторингтік тобы сәуірдің 2-нен 3-не қараған түні Назарбаев даңғылы, 226 мекен – жайы бойынша Bakard түнгі мекемесіне (бұрын Kowloon деген атпен белгілі), Зенков көшесі, 13 мекен-жайы бойынша Persona түнгі клубына (бұрын «Cиний FunToMass» деген атпен белгілі) және Қармысов көшесі, 84а мекен-жайы бойынша «Тархун» кафесіне келгендерді шығарды. Мониторингтік топ келген кезде бірінші мекемеде шамамен 50 адам болған, екіншісінде – 40 адам.

Алмалы ауданында 2-нен 3-сәуірге қараған түні мониторингтік топ «Гоголь» түнгі мекемесінде 100 - ден астам келушілерді анықтады; «Лолита» мейрамханасында мониторингтік топ келген сәтте мекемеде 50 адам болған.

Бұл нысандар қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысын бұза отырып жұмыс істеген. Жұмыс режимін бұзумен қатар, адамдардың көп жиналуына тыйым салу, бетперде режимі, әлеуметтік қашықтық сияқты эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы тіркелді. Заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік бұзушылық және айыппұл салу туралы хаттамалар толтырылды.

Естеріңізге сала кетейік, қалада күшейтілген шектеу шаралары қолданылуда. Көпшілік іс-шараларға, сондай-ақ бірқатар кәсіпкерлік субъектілерінің, әсіресе ойын-сауық мекемелерінің жұмысына тыйым салынған.

Тыйым салынғанына қарамастан, мейрамханаларға, клубтар мен дәмханаларға баруды тоқтатпаған алматылықтарды эпидемиологтар келушілер арасында коронавирустық инфекцияның тасымалдаушылары болуы мүмкін екенін ескертеді. Алматы әкімдігі қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің талаптарын - бетперде киюді, карантин режимінің жеңілдегеніне қарамастан, халықтың көп жиналуы және жұқтыру қаупі жоғары ойын-сауық мекемелеріне барудан бас тартуды ұсынады.