Елорда • 04 Сәуір, 2021

Алтай Көлгінов елорданың шеткері аймақтарының даму барысы туралы айтты

205 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елорданың шеткі аймақтарының абаттандырылуы жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алтай Көлгінов елорданың шеткері аймақтарының даму барысы туралы айтты

«Бүгін қаланың шеткері аймақтарына бардым. Қалада барлығы 280 мың адам тұратын 16 елді мекен бар. Бұл - елорда халқының төрттен бірі. Әрбір елді мекен бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді.

Мысалы, былтыр елді мекендерде 100-ден астам көше асфальтталды, 40-тан астам қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) және аулалар абаттандырылды. Бірқатар әлеуметтік нысандар, соның ішінде мектептер мен "үй маңындағы дәрігер" нысандары және т. б. салынды.

13,5 км инженерлік желілер, 5 км-ден астам кәріз және су құбыры, 3 км-ден астам нөсер кәрізі салынды. Бұл жұмыстардың барлығын жүйелі түрде жүргіземіз. Елді мекендерді аралау барысында тұрғындармен осы жылға арналған жоспарлар талқыланды. Әрбір елді мекенге барып, іс-шаралар жоспарына тұрғындардың қажеттілігін енгіземіз.

Бүгін сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысының барысымен таныстым. Егде жастағы адамдарға арналған клубтар, ХҚКО, полиция пункттері, пошта бөлімшелері орналасатын спорт мекемелері төрт елді мекенде пайда болады. Тұрғындар спорт кешендеріне тегін бара алады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы жылыту маусымында бірқатар елді мекен газға қосылды. Көктал-1 елді мекенінде жүргізіліп жатқан газ тарату желілерінің құрылысы барысымен таныстым. Бүгінде жұмыстардың 90%-дан астамы орындалды.

Бұған дейін Железнодорожный, Көктал-2, Агроқалашықтың (бір бөлігі) елді мекендерінің тұрғындары газға қосылды. Сондай-ақ, 1-ЖЭО және 2-ЖЭО бірқатар су жылыту қазандықтары газға ауыстырылды.

2021 жылдың соңына дейін Оңтүстік-Шығыс (оң және сол жағы), Промышленный, Көктал-1, Агроқалашық елді мекендері газбен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, "ҚазТрансГаз Аймақ " АҚ

Күйгенжар, Интернациональный, Мичурино елді мекендерінде осы жылдың соңына дейін газ өткізуді жоспарлап отыр.

Газдандыру процесі үш кезеңнен тұрады. Газдандыру қаланың экологиясын жақсартып қана қоймай, жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайын жеңілдетуге мүмкіндік береді», — деп жазды елорда әкімі.