Туризм • 05 Сәуір, 2021

Сенаторлар туристік қызмет мәселелері туралы заң жобасын қарайтын болды

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды. Онда депутаттар 2021 жылғы 8 сәуірде өтетін Сенаттың алдағы отырысының күн тәртібін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар туристік қызмет мәселелері туралы заң жобасын қарайтын болды

Сенаторлар Палатаның алдағы отырысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қарайды.

Келісім екі ел арасындағы көші-қон процестерін реттеу жөніндегі мәліметтер алмасуды оңайлатуғамүмкіндік береді. Осылайша, тараптар статистикалық, құқықтық және ғылыми-әдістемелік ақпаратты, сондай-ақ олардың аумағындағы екі мемлекеттің азаматтары туралы мәліметтерді алмаса алады.

Сондай-ақ Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқыға салады.

Елімізде туристік басымдыққа ие ТОП-10 аумақ белгіленетін болады. Егер инвесторлар ол жерлердетуристік объектілердің құрылысын бастауды ұйғарса, онда сол кәсіпкерлерге жеңілдіктер беріледі.

Бюро отырысы барысында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.