фото: rozetked.me
«БҒМ барлық рәсімдерді жетілдіру, оның ішінде білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін рәсімдерді өткізудің объективтілігі мен әділдігін қамтамасыз ететін процестерді цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Биыл ҰБТ-ны 120 000-нан астам түлек және басқа да қатысушылар арнайы дайындалған 51 пунктте тапсырады деп жоспарлануда», деді Шолпан Каринова.
Биыл конкурс 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Тестілеу алғаш рет электрондық форматта өтеді. Компьютерлік ҰБТ-ға өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz/ сайты арқылы беруге болады. Тіркеу онлайн режимде жүргізіледі, ешқандай құжат пен фотосуреттер талап етілмейді. Абитуриент сайтқа кіріп, кез келген тестілеу пунктін, ҰБТ тапсыру күні мен өзіне ыңғайлы уақытты таңдайды.