Коронавирус • 06 Сәуір, 2021

8 мыңнан астам адамға екпе егілді

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған шаралар атқарылып жатыр. 1 сәуір күні өңірде Covid-19 індетіне қарсы вакцинаны 8 653 адам алды.

8 мыңнан астам адамға екпе егілді

Облыстық денсаулық сақ­тау басқармасы маман­да­­ры­ның мәлі­метінше, Сovid-19 инфек­ция­­сына қар­сы вакцинаның бірінші ком­по­нентін 14 мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер және созылмалы ауру­лары бар 157 адам алған. Соны­мен қатар 403 педагог, 410 күш құрылымдарының қызметкері, 107 учаскелік полиция қызметкері, 88 меди­ци­налық-әлеуметтік және жа­бық балалар мекемелерінің қызметкері вакциналанды. Одан бөлек, індетпен бетпе-бет күресуі мүмкін 7 282 медицина қызметкеріне екпе егілді. Ерікті түрде екпе алып жат­қан­дар­дың ішінде студенттер мен қатардағы қарапайым халық та бар.

1 сәуір күні алғашқылардың бірі болып екпе салғызған Көкпекті ауданына қарасты Са­мара орта мектебінің ағыл­шын тілі пәнінің оқыту­шы­сы Анар Ахмадиева вакцинаны интернет арқылы мұқият зерттепті. Шетелдік жоғары санатты дәрі­герлердің, ғалымдардың дәлел­ді пікірлерін оқыған, ақыл-кеңестеріне құлақ түрген. Оның үстіне былтырғы жазда халық­тың жаппай ауырғанын ескеріп барып, екпе алуға бел буған.

– Мен вакцина алуға өз еркім­мен шешім қабылдадым. Өйткені біз мектепте жұмыс істе­гендіктен, күн сайын балалармен, ата-аналармен бетпе-бет кездесеміз. Өзімді ғана емес, отбасымның, туған-туыстарымның денсаулығын да ойладым. Құдай сақтасын, ауру жұқтырып алып, ем іздегенше, алдын алып қойған жөн. Екпені көз жұма барып қойдыра салған жоқпын, құрамын да зерттедім. Дәрігерлердің айтқан сөздерін таразыладым, – дейді мектеп мұғалімі Анар Қадырбекқызы.

Екпе алған азаматтардың айтуынша, процедура бас­тал­мас бұрын дәрігерлер түсін­діру жұмыстарын жүр­гі­зеді. Терапевт дәрігер пациент­тер­дің денсаулығын мұ­қият тек­се­ріп шығады. Ақ халат­ты­лар­­дың айтуынша, екпе егіл­ген соң кейбір пациенттердің дене қызуы көтерілуі мүмкін. Кейбір жағдайда температура 39,2 градусқа дейін барады. Оған алаңдауға еш негіз жоқ. Ыстық көтерілген жағдайда дәрігердің берген рецепті бо­йынша дәрі-дәрмек қабылдап, дене температурасын қалыпқа келтіруге болады.

Абырой болғанда, осы уа­қыт­қа дейін екпе алғандардың ішінде денсаулығы нашарлап, дәрігердің көмегіне жүгінген ешкім жоқ. Бәрі сәтімен өтіп жатқан көрінеді. Бірінші вакцинасын алған азаматтар енді екінші компонентті алуға дайындалады.

 

Шығыс Қазақстан облысы