Қазақстан • 06 Сәуір, 2021

Ресми шағымдар нашар интернет мәселесін шешуге көмектеседі

328 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2021 жылы 286 ауыл 2G-ден 3G және 4G-ге, 51 ауыл спутниктік трансмиссиядан жерүсті инфрақұрылымына ауыстырылады, халқының саны 250 адамнан аз тағы 292 ауыл байланыс сапасын жақсартады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте цифрлық даму министрлігінің басшысы Бағдат Мусин мәлімдеді. Оның айтуынша, техникалық мүмкіндіктер бар. Сонымен қатар, байланыс сапасын бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.

Ресми шағымдар нашар интернет мәселесін шешуге көмектеседі

«Интернет сапасын бақылау үшін арнайы жабдықтар сатып алынды. Олар алтау болды және біз олардың барлығын ел бойынша қолдандық, қазір олардың саны – 17, олар әр облыс орталығында бар. Бірақ сапаны тексеру үшін біз өңірлерге шығамыз. Мысалы, Түркістан облысына жасаған сапар барысында біз Шымкенттен Түркістанға барар жолда интернеті әлсіз екі ауылды анықтадық. Осы жабдықтармен өлшеулер жүргізілді, айыппұл салынды және ақауларды жою үшін 2 ай уақыт берілді. Егер олар мерзімінде орындалмаса, біз қатаң ден қоюдың шараларын қабылдауға құқылымыз.


Айыппұл салып, еліміздің 17 өңірінде арнайы өлшеу іс-шараларын жүргізе аламыз, бірақ ол негіздер қажет. Facebook және Instagram арқылы хабарламалар көп келіп түседі, бірақ біз оларды тексеру үшін негіз ретінде пайдалана алмаймыз. Ол үшін азаматтардың өз қолымен жазған, қолы қойылған немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған өтініштерді ғана пайдалануымыз керек», деп атап өтті ведомство басшысы. Бұл бизнесті қорғау шеңберіндегі заңнама талабы.


Мусин қазақстандықтарды интернет нашар болса, хат жазуға үндеді. Бұл өтініштердің барлығы министрліктің атына немесе тікелей телекоммуникация комитетіне ресми түрде тіркелуі тиіс.