Аймақтар • 06 Сәуір, 2021

Маңғыстау облысының тұрғыны газдан уланып қалды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылының егде тартқан тұрғыны газдан уланып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Маңғыстау облысының тұрғыны газдан уланып қалды

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ баспасөз қызметі мәлім еткендей, дәрігерлер науқастың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Жетібай ауылының 66 жастағы тұрғынының газдан уланғаны туралы хабарлама, 6 сәуір күні сағат 09:15-те келіп түсті.

Оқиға орнына газ саласы қызметінен басқа төтенше жағдайлар бөлімінің, полиция қызметкерлері, Қарақия ауданы әкімдігінің өкілдері келді. Зардап шеккен азаматша ауруханаға жатқызылды.

«Оқиға орнында авариялық бригада зардап шегушінің уақытша сарайда тұрып, үй-жайды жылыту үшін газ плитасының пешін қосқанын анықтады. Алдын ала мәліметтер бойынша, сарайда жылыту жабдықтары мен қазандық орнатылмағандықтан адам уланған. Бұл учаскеде техникалық қызмет көрсету 2021 жылдың ақпан айында жүргізілді», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.