Аймақтар • 06 Сәуір, 2021

Теміртау орталық мешітіне Әлихан Бөкейханның есімі берілді

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы Теміртау қаласы орталық мешітіне мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі, халқымыздың біртуар перзенті – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның есімі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМДБ-ның сайтына сілтеме жасап.

Теміртау орталық мешітіне Әлихан Бөкейханның есімі берілді

Бүгінде туғанына 155 жыл толған ел ардақтысының есімін иелену Теміртау орталық мешітіне бұйырды. Ал былтыр Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешімімен ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Семей қаласының Суықбастау кентіндегі мешітке де Әлихан Бөкейханның есімі берілген еді.