Қоғам • 07 Сәуір, 2021

Аида Балаева «Жас Алаш» газетінің редакциясын 100 жылдығымен құттықтады

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Жас Алаш» газеті редакциясының ұжымымен кездесіп, басылымның 100 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аида Балаева «Жас Алаш» газетінің редакциясын 100 жылдығымен құттықтады

Министр ақпарат саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қайрат Матрековты, Алмас Нүсіпті, Сейсен Ұлықбек пен Нұрымжан Мауытовты «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады және «Жас Алаш» газетінің басқа да қызметкерлеріне құрмет грамотасы мен алғыс хаттар табыстады.

А. Балаева газеттің 100 жылдығы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуі бұл мерейлі датаны атап өтуге ерекше мән қосатындығын жеткізді.

«Жас Алаш» қазақ баспасөзінде өзіндік орны бар, халық сұранысына ие шыншыл басылымдардың бірі», деді министр.

Кездесу соңында Аида Балаева басылымның барлық қызметкерлеріне кәсіби және шығармашылық табыстар тіледі.