Руханият • 07 Сәуір, 2021

30 күн оразаға дайынсыз ба?

98 рет көрсетілді

Алла қаласа, енді аз күннен кейін мұсылмандар үшін қасиетті саналған Рамазан айының 30 күн оразасы басталады. Бұл уақыт – таңнан қара кешке дейін нәр татпай, жамандықтан бойыңды аулақ ұстап, жанның да, тәннің де рухани тазаратын кезі.

Дін мамандары Рамазан айына аса ұқыптылықпен қарап, үлкен дайындықпен келу керек екендігін айтады. Ал біз 30 күн оразаға дайынбыз ба? Қалай дайын болуымыз керек? Бұл туралы елордадағы республикалық Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев түсіндіріп берді.

«Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Иә, Раббым, бізге Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете гөр. Бізді Рамазан айына аман-есен жеткізе гөр» деген дұғасы бар. Бұл екі ай – Рамазан айына дейінгі дайындық айлар. Рамазан айында бірден тағамнан тыйылу адам ағзасына да, нәпсісіне де ауыр соғуы мүмкін. Сондықтан алдыңғы екі айда мүмкіндігінше жиі нәпіл оразалар ұстап, құлшылықты арттырған абзал. Заманында пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осы айларда өте жиі ораза ұстап, құлшылығын көбейткен екен. Біз де Рамазанға дейінгі Ережеп пен Шағбан айларында күнімізді оразамен, түнімізді құлшылықпен өткізсек, сауабы көбірек болады. Бұл парыз емес нәпіл болғандықтан, бұл екі айда ораза ұстау міндетті емес, бірақ ұстаған сауап болады. Дегенмен, рухани тазарып, Рамазан айына дайындықпен келген кісіге оразада көп жеңіл болады. Имамдардың «Рамазан айына дайындалу керек» дейтіндері осы», дейді имам.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар