«Алдағы аптаның синоптикалық болжамдарына келетін болсақ, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында ауа райының күндізгі тепературасы +15, +20 градусқа, кейбір жерлерде +23 градусқа дейін көтеріліп, түнде +3,+5 градус жылы болады деген болжам бар. Аталған жайт қардың еру процесін одан әрі күшейтіп, мұз құрсауларын қозғалтып, су деңгейін көтеруі мүмкін. Сәуір айының ІІ және ІІІ тоқсанында аталған аймақтарда ауа температурасы жоғарылап, күндіз +5, +10 гардус аралығында, түнде +10 гардусқа дейін көтеріледі деп болжап отырмыз. Бірақ сәуірдің ауа райы құбылмалы болғандықтан, кейбір күндері күрт суытуын күтіп отырмыз. Атап айтсақ, күндізгі температура +3, +8 гардусқа дейін түссе, түнде 0,-9 гардус шамасында болжанады», деді Дидар Жәнібекұлы.
Ол күннің бұлайша құбылуы тасқын қаупін жиілететінін ескертті.
«Қайталап айтқым келеді. Еліміздің басым аймақтарында қардың еруінен су басу қауіптері болып жатыр. Алдағы тәуліктерде ауа райының күрт жылынып, жауын-шашынның көбеюінен еліміздің басым аймағында су деңгейі көтеріледі деп болжамдап отырмыз», деді маман.