Басқарма өз жұмысында синтетикалық есірткілерге қарсы күреске баса назар аударады. Есірткі саудасының жаңа түрлеріне қарсы іс-қимыл – басымды жұмыс бағыттарының бірі. Жыл басынан бері облыста заңсыз есірткі айналымына күдікті делінген 29 адам ұсталды. Оның 7-еуі синтетикалық есірткілердің өндірісін ұйымдастырғаны үшін, 3-еуі тыйым салынған заттарды сататын интернет-дүкендердің қызметін ұйымдастырғаны үшін құрықталды. Бұдан бөлек, 2 адам есірткіні жасырын орынға салып кеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мәселен, ақпан айының ортасында жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде аса ірі көлемдегі заңсыз есірткі айналымына күдікті Ақмола облысының 19 жастағы тұрғыны ұсталды. Жігіттің көрсетуі бойынша жасырған 30 орыннан кристалл тәріздес затпен жалпы салмағы 41,49 гр полимерлік түйіншектер алынды. Сондай-ақ, тұрғылықты жерінен 23 түйіншекте 82,15 гр ұқсас зат тәркіленді.
Жалпы, үш айдың ішінде СҚО есірткіге қарсы күрескерлері заңсыз айналымнан 25,5 келі түрлі есірткі тәркіледі, оның 1 келіден астамы синтетикалық есірткі.