Аймақтар • 07 Сәуір, 2021

65 құтқарушыға вакцина егілді

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО ТЖД құтқарушылары мен өрт сөндірушілері адам өмірін құтқара отырып, өздері де жаман індетке ұшырап қалмаулары керек, деп хабарлайды Egemen.kz

65 құтқарушыға вакцина егілді

Сондықтан азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында жаман инфекцияның алдын алу және оған жол бермеу мақсатында 2021 жылғы 5 сәуірде Петропавл қаласының №2 емханасында Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 65 қызметкеріне вакцина егілді. Іс-шараның алдында үлкен профилактикалық жұмыс жүргізіліп, оны өткізудің қажеттілігі түсіндірілді, жадынамалар таратылды. Емхана өкілі, эпидемиолог дәрігер Фарида Мұхамеджановамен кездесу ұйымдастырылды.

Белгіленген күні денсаулық сақтау мекемесінің дәліздерінде барлық қажетті қауіпсіздік шаралары мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, өздері үшін осындай жауапты және маңызды шешім қабылдағандардың бәрі тұрды. Әрине толқулар да болмай қалған жоқ, бірақ вакцина пандемияны құрықтаудың жалғыз амалы екендігіне деген сенім басым болды.