Білім • 07 Сәуір, 2021

1,28 млн теңге: Еліміздегі оқу ақысы ең қымбат мектептер аталды

1167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының ең қымбат білім ордаларындағы оқу ақысы қанша екені айтылды. Қазақстандық Forbes жариялаған тізімде 6 ақылы мектеп көрсетілген, деп жазады Egemen.kz.

1,28 млн теңге: Еліміздегі оқу ақысы ең қымбат мектептер аталды

QSI халықаралық Астана мектебі. QSI халықаралық Астана мектебінде 312 оқушы бар. Құрылтайшысы Словениядағы QSI білім беру мекемесі.  Мектепте оқитын әр балаға айына 1,28 млн теңге төлейді. Оқу ордасы америкалық білім жүйесіне негізделеді.

Haileybury Astana. Есіл өзенінің жағасына жайғасқан мектеп ғимараты да, ондағы білім жүйесі де ерекше. Мұнда қазір 505 бала оқып жатыр. Ай сайынғы төлемақысы - 1,04 млн теңге. Құрылтайшысы Тұңғыш Президент қоры мен «Асыл мирас» қайырымдылық қоры.

SPECTRUM халықаралық мектебі. Айына 654 мың теңге төлемақы сұрайтын бұл мектепте білім алатын балалар саны аз емес екен. Қазір 427 бала ақылы негізде оқып жатыр. Құрылтайшысы «Білім орда» халықаралық қоғамдық қоры.

«Мирас» халықаралық мектебі. Аты жиі аталып тұратын халықаралық білім ұясында қазір 310 оқушы бар. Оқу ақысы айына 135 мың теңге. Құрылтайшы Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры.

«Нұр Орда» мектеп-лицейі. Мұндағы оқу бағасы айына 278 мың теңгені құрайды. Қазір 907 оқушысы бар. Құрылтайшысы «Білім орда» халықаралық қоғамдық қоры.

Қазастандық Forbes жасаған елордадағы ақылы мектептердің тізімін Экономикалық лицей аяқтап тұр. Мұнда оқу ақысы бір айға – 100 мың теңге. Татьяна және Валерий Ильященокалар негізін қалаған.