Оның пікірінше, кәсіпкерлердің санасының өзгеруі де маңызды. Істерді жүргізу кезінде парасаттылық мызғымас стандарт болуы керек.
«Комплаенс-қызметтерді қолдану тәжірибесі халықаралық деңгейдегі корпоративтік секторда кеңінен дамыған. Осы тұрғыдан алғанда, біздің еліміздің аумағында жұмыс істейтін трансұлттық компанияларда осындай қызметтердің болуы қуантады. Олардың қатарында «Теңіз Шевройл», «Шеврон», «Лукойл», «Шелл» бар», деді А.Шпекбаев.
Оның айтуынша, аталған процесс елдің квазимемлекеттік секторында да жандана түсуде. Мысалы, комплаенс бөлімшелері «Самұрық-Қазына» қорында және оның құрамына кіретін 12 компанияда жұмыс істейді. Сонымен қатар, комплаенс-қызметтерді құру бойынша жұмыс Қазақстанның ірі жеке компаниялары тарапынан да қолдау тапты.