ANTIKOR • 07 Сәуір, 2021

Жемқорлыққа қарсы заңнамалық бастамалардың үш топтамасы қабылданды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет Тәуелсіздік жылдарында бизнесті қолдау бойынша кешенді шараларды жүзеге асырды. Бұл туралы Business Integrity Forum барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаев бизнесті қолдау бойынша мемлекет жүзеге асырған шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Жемқорлыққа қарсы заңнамалық бастамалардың үш топтамасы қабылданды

Оның айтуынша, бизнес пен инвесторлардың мүдделерін қорғаудың ұйымдық құрылымы шетелдік инвесторлар мен Ұлттық инвесторлар Кеңесінен, «Астана» Халықаралық қаржы орталығынан тұрады. Сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкіл институты, «Атамекен» ҰКП және «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы жұмыс істейді.

«Халықаралық стандарттарды ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық бастамалардың үш топтамасы қабылданып, төртіншісі пысықталып жатыр. Жалпы алғанда, мемлекет халықаралық тәжірибе контексінде кәсіпкерлер мен азаматтардың құқықтарын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды жалғастырады», деді А.Шпекбаев.

Сонымен қатар ол іске асырылып жатқан бағдарламалар мен бизнесті қолдау жобалары туралы айтып берді. Оның пікірінше, бұл шаралар кешені елімізге 350 млрд АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартуға мүмкіндік берді.