Аймақтар • 07 Сәуір, 2021

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласы аумағында 17-18 наурыз аралығында «Іздестіру» бірлескен операциясы аясында халықаралық іздеуде жүрген  үш азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды

Олардың бірі – Өзбекстан Республикасының 38 жастағы азаматы Ресей Федерацияның Қылмыстық Кодексінің 160-бабының 4-бөлімімен негізделген қылмыстық құқық бұзушылық жасап іздеуде жүрген. Қалалық полиция қызметкерлерімен қылмыскер ұсталып, қолхатпен жіберілді.

Сондай-ақ 2 сәуір күні Қарақалпақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 165-бабы 2-бөліммен көзделген қылмыстық әрекет жасап, тергеуден бой тасалап, іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Құрықталған 1985 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты бұлтартпау шарасы «қамауға алу» санкцияланып, қамауға алынды.

Қазір ұсталғандар туралы ақпарат ҚР Ішкі істер министрлігіне және іздеу жариялаған шетелдік әріптестерге жолданды.

Сонымен қатар Ресей Федерациясы Волгоград қаласының Полиция қызметкерлерімен бірлескен іс-шара кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 257-бабы 3-бөлімімен негізделген қылмыстық құқық бұзушылық жасап іздеуде жүрген 31 жастағы азаматы РФ-ның Краснодарск қаласының №6 түзеу колониясында (6 ИК) қамауда екені анықталды.

Жалпы жыл басынан бері қылмыстық жауапкершіліктен жалтарған 47 адам тіркелген.

Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеудегі адамдардың сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушылары мен лидерлерінің жүрген жерін анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру іс шаралар кешенін өткізу ұйымдастырылуда.