Өткен аптада елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының ең үлкен статистикасы тіркелді. Сәуір басында пандемия басталғалы болмаған ең үлкен көрсеткіш 2000-нан астам науқас дертке шалдыққаны мәлім болды. Ал әлемде жаппай вакциналау басталса да, үшінші толқын көрсеткіштері жақсы емес. Сәуірдің басында Еуропада Пасха тойланады. Былтыр Рождествоны тойлай алмағандар, биыл да қасиетті мерекелердің бірін үйде қарсы алды.

Жыл басында мектептер шектеулі адам санымен жұмыс істейтіні хабарланған еді. Алайда Франция үкіметі сәуірде мектептерді қайта жабуға шешім қабылдады. Сенбіде үкімет басшысы барлық мектеп пен сауда орындары, сонымен қатар дүкендер жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. Үйден себепсіз он шақырымға алыстауға болмайды. Осылайша, француздар қасиетті Пасханы үйлерінде атап өтті.
Ел президенті Эммануель Макрон инфекциялық ауруханалар саны әлі де артатынын хабарлады. Соңғы статистикаға зер салсақ, Францияның 46 677 азаматы вирус жұқтырып, 304 адам қайтыс болған. Президент қатаң карантин жариялауға мәжбүрлік туындамас деген сенімін де жасырмады.
Германия президенті Штейнмайер халықты вакцина ектіруге шақырды. Сенбі күні халыққа арнаған жолдауында үшінші толқында шектеулер қатаңдатылуы мүмкін екенін ескертті. Ең маңыздысы – ол елдегі сенім деңгейіне қатысты өз ойын білдірді. «Иә, сынама кезінде қателіктер кетуі мүмкін. Дегенмен, пандемиядан құтылу әп-сәтте емес. Сондықтан да саяси дискуссияның себебі бар. Алайда құр талқылаулар еш нәтиже бермейді. Ол қай деңгейде – жергілікті не мемлекеттік, партиялық не коалициялық деңгейде болсын, негізгі, шешуші фактор еместігін ескеру керек. Біз халыққа бағыт беріп, прагматикалық шешім ұсынуымыз керек», деді мемлекет басшысы.
Канцлер Меркель сәуірдің басында мерекеге орай карантин жарияланады дегенімен, ресми хабар болмады.
Үшінші толқынды карантинмен бастаған тағы бір Еуропа елі – Италия. Мемлекет тұтастай «қызыл аймақта». Денсаулық сақтау ұйымдары күніне 20 мыңнан астам адамнан вирус табылатынын мәлімдеді.
Рим папасы Франциск биылғы Пасха мерекесімен құттықтауын бос шіркеуден жолдады. Жыл сайын жүз мыңдаған халық жиналатын Әулие Петр шіркеуі осы жылы тек 200 адам ғана қабылдауға рұқсат алды. Шіркеудегі мерекелік қызмет онлайн трансляция арқылы көрсетілді. Рим папасы жолдауында карантин талаптарын сақтап, мемлекет басшыларын індетке қарсы вакцина саясатын жолға қойып, реттеуін сұрады. Биылғы құттықтауда саяси мәселе де шет қалмады. Рим папасы мынадай елең-алаң кезде әскери қару-жарақ пен шиеленістерге ақша жұмсаудың қисынсыз екенін атап өтті. Одан кейін жексенбіде жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында әлемдегі дағдарыстың өршіп жатқанын айта келе, денсаулыққа бей-жай қарамау керегін еске салды.
Еуропадағы жағдайды ДСҰ сынға алды. Халықаралық ұйым Еуропа вакцина мәселесіне немқұрайды қарап, жағдайды ушықтырып алды деген кінә тағады. ДСҰ-ның Еуропа бойынша директоры Ханс Клюг «Бұл пандемиядан құтқарар жалғыз жол – вакцина. Дегенмен, вакциналау қарқыны тым төмен. Үкіметтер бұған жауапкершілікпен қарап, азаматтарға оның маңызын түсіндіруі керек. Біздің қолымыздағы статистикаға қарасақ, аумақтағы 900 млн адамның тек 10 пайызы ғана вакцинаның алғашқы дозасын салдырған», деді.
Ал АҚШ кеше 4 млн-нан астам азаматының вакцина салдырғанын хабарлады. Осылайша, вакцина салдыру дерегі бойынша рекорд жаңартылған. Бұл туралы Ақүйдің Covid-19 ақпаратына жауапты доктор Сайрус Шафар әлеуметтік желіде жазды. АҚШ үкіметі бұған дейін күніне 3 млн адамға вакцина салып келген. «Егер адамдар маска тағып, бірнеше адам болып жиналуды доғарса, сонымен қатар вакцина салуды міндетті шара деп қабылдаса, АҚШ бұл пандемиядан тезірек құтылады», деді президент Байденнің пандемия бойынша кеңесшісі доктор Энтони Фаучи.
Ескендір Хасанғалиев пен жары жансақтау бөлімінде жатыр
Қоғам • Бүгін, 17:04
Қырымбек Көшербаев: Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы
Үкімет • Бүгін, 17:00
Ауылдарға ауыз судың жетуін Nur Otan бақылайды
Қоғам • Бүгін, 16:50
Аида Балаева көрнекті ақын Жәркен Бөдешұлының отбасына көңіл айтты
Қоғам • Бүгін, 16:36
Қазақстанның Исландиядағы жаңа консулы таныстырылды
Саясат • Бүгін, 16:33
Адам өліміне қатысы болған экс-әкім қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:30
Эверест шыңын бағындырған Мария Әуезова елордаға келді
Қоғам • Бүгін, 16:15
Ералы Тоғжанов Қордайдағы биофармацевтика зауытының құрылысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 16:12
Грекия жазғы маусымда толық ашылуды жоспарлап отыр
• Бүгін, 16:03
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасын талқылауға ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 16:01
Сауран ауданына алғашқы әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:52
Дәрігер мамандықтарына грант санын көбейту қажет – Президент
Білім • Бүгін, 15:42
Қостанайда тұрғын үйден шыққан өрттен әйел адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:41
Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кешенді жоспар жобасы дайын
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Атыраудың ауылдарына таза ауыз су жеткізуді тапсырды
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Президент Атыраудағы денсаулық сақтау нысандары ескіргенін айтты
Аймақтар • Бүгін, 15:31
Ұлтқа берері көп тұлғаларымыздан айырылып қалып жатырмыз - Қ.Тоқаев
Президент • Бүгін, 15:28
Атырау облысында 37 жаңа мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 15:27
Президент Атырау облысындағы Ресеймен шекаралас бекетке қатысты пікір білдірді
Аймақтар • Бүгін, 15:21
Жол саласындағы мәселелерді кешенді түрде шешу қажет
Президент • Бүгін, 15:17
Президент Сарайшық қаласындағы туристік саланы дамытуды тапсырды
Президент • Бүгін, 15:12
Мемлекет басшысы: Атырау облысында медицина мамандары жетіспейді
Медицина • Бүгін, 15:09
Жол салатын мердігерге талап қатаң болуға тиіс – Президент
Президент • Бүгін, 15:08
Үкімет пен өңірдегі әкімдіктердің міндеті – жол қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету
Аймақтар • Бүгін, 15:03
Мемлекет басшысы Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайтынын айтты
Президент • Бүгін, 14:56
Бүгін бокстан әлем біріншілігінің финалдық сайыстары өтеді
Бокс • Бүгін, 14:50
Елордада вакциналау пункті бар СОО-лар сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Жалақысы көп өңірлер анықталды
Қаржы • Бүгін, 14:30
Президент Жайық өзенінің тартылып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді
Президент • Бүгін, 14:30
Жамбыл облысында көлік ұрлығы 40 пайызға азайған
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Індеттің алдын алмаса, адам өлімінің күрт өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін - Президент
Қоғам • Бүгін, 14:00
Отандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы пайдалануға берілді
Қазақстан • Бүгін, 13:58
Солтүстік Македониямен арадағы келісімдер азаматтар құқықтарын қамтамасыз етеді - М.Әшімбаев
Қазақстан • Бүгін, 13:29
Мемлекет басшысы: Қашаған кен орнын толық игеру керек
Президент • Бүгін, 13:29
СҚО-да өртенген саяжайдан ер адамның денесі табылды
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алматыда биыл жеке тұлғалардан 5,3 млрд теңге көлік салығы түсті
Аймақтар • Бүгін, 12:51
Ұлт тарихтын зерделеудің бүгінгі ұстанымы
Тарих • Бүгін, 12:50
Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 12:35
«Keruen» мен «Абу-Даби Плазада» COVID-19-ға қарсы вакцинация пункттері ашылды
Коронавирус • Бүгін, 12:32
Жол сапасы ішкі туризмнің дамуын тежеп келеді – Сенат депутаты
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Қазақстан • Бүгін, 12:10
11 млрд теңге жұмсалған құбырдан су емес құм ағып тұр
Қоғам • Бүгін, 12:08
Сарайшықтың орнын сақтау мүмкіндігі азайып барады
Тарих • Бүгін, 11:55
ТЖМ басшысы су тасқыны қаупі бар учаскелерді әуеден бақылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Сенатор: Аграрлық саладағы субсидиялау ережесін қайта қарау керек
Парламент • Бүгін, 11:33
Қостанай облысында вакцинация тоқтатылды
Медицина • Бүгін, 11:33
Павлодарда екі көлік соқтығысып, ер адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:25
Күлтөбеден табылған алтын сырғалар қорық-музей қорына тапсырылды
Руханият • Бүгін, 11:19
Елімізде күнбағыс майы қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:18
Бір күнде 6 мыңнан астам алматылық вакцина салдырды
Аймақтар • Бүгін, 11:10
Қарттар үйінде 2 адам коронавирустан қайтыс болды
• Бүгін, 11:07
ІІМ басшысы полицейлер орындауы тиіс 8 міндетті анықтады
• Бүгін, 10:49
Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 800 мыңға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 10:43
Ақын Жәркен Бөдеш өмірден озды
Қоғам • Бүгін, 10:23
Елордадағы сауда орындар 22:00-ге дейін жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 10:21
Қазақстанның 10 өңірі «қызыл» аймақта тұр
• Бүгін, 10:21
Олимпиадалық турнирдің жеребесі тартылды
Футбол • Бүгін, 10:10
Өндірістегі жазатайым жағдайлар азайып келеді
Қоғам • Бүгін, 09:57
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 300 мыңға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 09:31
«Қайрат» «Бенфикамен» күш сынасады
Футбол • Бүгін, 09:17
Коронавирус пневмониясынан 4 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:11
Әкімдер Парламентте есеп беретін болады
Парламент • Бүгін, 09:07
Өткен тәулікте 2373 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Көз тоймайтын коттедж қалашығы
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Руханият • Бүгін, 08:30
Жайылымдық жер де күтім тілейді
Қоғам • Бүгін, 08:25
Аймақтар • Бүгін, 08:22
Теміртау экологиясын оңалтуға назар аударды
Экология • Бүгін, 08:21
Мақсаты айқын, қалыптасқан, орнықты құрылым
Пікір • Бүгін, 08:15
Ұқсас жаңалықтар