Медеу ауданы әкімдігінің хабарлауынша, әкімдік қызметкерлері мен аудандық төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері оқиға орнына барды.
«Оқиға орнында жолдың 30 метрден астам бөлігінің құлағаны көрініп тұр. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін арнайы белгі орнатылды. Тиісті шаралар қолдану жөнінде шешім қабылданған соң, жолды нығайтып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі», деді әкімдік өкілдері.