«Мысалы, пандемия кезеңінде шекаралар жабылып, көптеген мигрант шектеулерге байланысты Қазақстан Республикасының аумағынан шыға алмады, соған байланысты Үкіметтің арнайы қаулысы қабылданып, елде болу мерзімі ұзартылды. Жалпы, осы жылдың қаңтар-ақпан айларында халықаралық көші- қон ұйымымен бірлесіп жүргізілген жұмыс нәтижесінде 133 мың мигрант өз еліне оралды. Өз еркімен кетуден бас тартқан және тергеу органдарынан жасырынған 674 шетел азаматы бес жыл бойы Қазақстан аумағына кіру құқығынсыз сот тәртібімен елден шығарылып, заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны үшін 27 қылмыстық іс қозғалған», деді Нұрлан Бекназаров.
Оның айтуынша, көші-қон еліміздегі ұлттық қауіпсіздікке, әлеуметтік – экономикалық жағдайға тікелей әсер ететін сала болғандықтан, көші-қон процестерін реттеп, заңсыз көші-қонның алдын алу үшін тиісті құқықтық негіздер жасау өте маңызды.