Бокс • 08 Сәуір, 2021

Бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігі Польшада өтеді

29 рет көрсетілді

Бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігі 10-14 сәуір аралығында Польшаның Кельц қаласында өтеді. Бұл ақпарат АИБА-ның ресми сайтында жарияланып отыр.

Төрткүл дүниенің талантты жастарының басын қосқан ең соңғы жарыс осыдан үш жыл бұрын Будапеште өткен болатын. Мажарстанның астанасында ұлдар сайысында Нұрбек Оралбай (75 кило) бас жүлдені олжаласа, Ермахан Жакпеков (69 кило), Сағындық Тоғамбай (81 кило), Айбек Оралбай (91 кило) және Дамир Тойбай (+91 кило) күміс медальді мойындарына ілді. Бір айта кетерлігі, бұл жігіттеріміздің барлығы да финалдық сайыста Ресей боксшыларымен күш сынасты. Жартылай финалда сүрінген Махмұд Сабырхан қола жүлдені еншіледі.

Ал қыздар арасындағы жарыста Дина Исламбекова (+81 кило) қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тағынды. Шешуші тұста ұтылған Айзада Еслямғали (54 кило) мен Гузаль Садықова (81 кило) күміспен күптелсе, Әнел Құдайберген (48 кило) мен Жансая Абдраимова (51 кило) қолаға қол созды.

Нәтижесінде 2 алтын, 6 күміс және 3 қоланы олжалаған Қазақстанның жастар құрамасы жалпы командалық есепте үшінші сатыға жайғасты. Бірінші және екінші орындарды Ресей (6+5+2) мен АҚШ-тың (3+0+1) былғары қолғап шеберлері иеленді.  

Соңғы жаңалықтар

«Указной молда»: Ол кім?

Руханият • Бүгін, 15:25

Доллар қайта қымбаттап жатыр

Экономика • Бүгін, 11:44

Құрттың ішінен есірткі табылды

Аймақтар • Бүгін, 09:43

«Астана» көш бастады

Спорт • Бүгін, 09:40

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Қазақстан • Бүгін, 09:20

Жартылай финалда сүрінді

Теннис • Бүгін, 07:56

Көкпар – ұлттық мінез

Руханият • Бүгін, 07:50

Ақ үйдің алғашқы мейманы

Әлем • Бүгін, 07:38

Ескі үйлерді есіркеген жоба

Аймақтар • Бүгін, 07:33

Рамзайдың «жұмбағы»

Сұхбат • Бүгін, 07:13

Ұқсас жаңалықтар