Тағайындау • 08 Сәуір, 2021

«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

786 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Есімханов Сұңғат Қуатұлы «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

«Самұрық-Энерго» АҚ жаңа басшысын  ұжымға  бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев таныстырды.

Бұған дейін Сұңғат Есімханов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Әр жылдары ол Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің  Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы, «Қазақэнергоэкспертиза» АҚ президенті, Маңғыстау және Қарағанды ​​облыстарындағы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Департаментының директоры болып жұмыс істеді.

Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін және «Болашақ» институтын бітірген.