М.Тілеуберді екі ел арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстардың үдемелі дамуын қанағаттанушылықпен атап өтті. Министр жапон тарапына COVID-19 коронавирусымен күресте көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді. Ол Қазақстан мен Жапонияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жеке секторлары және үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысын жақын арада өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Жапония 7 млрд АҚШ долларынан астам сомаға салымдардың жалпы көлемі бар Қазақстанның 10 ірі шетелдік инвесторларының қатарына кіреді.