«Қызыл жалын үй шатырының ағаш құрылымдарын, терезе мен есікті шарпыған. Тілсіз жаудың жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру барысында құтқарушылар бөлме ішінен үй иесінің денесін тапты», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жанып жатқан үйден сыйымдылығы 27 литрлік 1 газ баллоны сыртқа шығарылған. Тергеу барысында өрттің шығуына темекі шегу кезіндегі абайсыздық себеп болған.