ANTIKOR • 09 Сәуір, 2021

Алик Шпекбаев Ашита Митталмен онлайн кездесу өткізді

128 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының тұрақты өкілі Ашита Митталдың бастамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевпен онлайн кездесу өтті. Әңгімелесу барысында тараптар пікір алмасып, бірлескен қызметтің одан арғы қадамдарын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алик Шпекбаев Ашита Митталмен онлайн кездесу өткізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы елімізде жүргізіліп жатқан кешенді реформаларға назар аударып, саяси жаңғыртудың маңыздылығын, сондай-ақ халықаралық стандарттар призмасы арқылы іске асырылған және жоспарланған заңнамалық бастамаларды атап өтті.

Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру барысы туралы хабарлады. Спикер 6 бағытты егжей-тегжейлі түсіндірді: мемлекеттік органдардың транспаренттілігі мен ашықтығын арттыру, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды ескере отырып; сыбайлас жемқорлықтың себептері мен мән-жайларын жою; мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлқын нығайту; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту; азаматтық қоғамды тарту және жазаның бұлтартпау қағидатына негізделген қылмыстық-құқықтық шаралар.

Шетелдік әріптестер Агенттіктің қызметіне жоғары баға берді. Ашита Миттал ханым: «Қазақстанның БҰҰ ЕҚБ бастамаларын және БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына шолу тетігін іске асыруда көрсеткен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз. Біз Орталық Азия мен Кавказ өңірінде бағдар болуы тиіс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство жұмысының оң нәтижелерін көріп отырмыз. Сіздерге БҰҰ Бас Ассамблеясының Нью-Йорк, АҚШ-тағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы сессиясы аясында қазақстандық тәжірибені таныстыруды ұсынамыз».

Венадағы БҰҰ ЕҚБ Штаб-пәтерінің өкілі, Австрия Венди О' Брайен ханым да бірлескен күш-жігерді одан әрі нығайтуға үміт білдірді. Сұхбаттасушы: «Біз агенттіктің құқық қорғау органдарын реформалауға қосқан үлесін бағалаймыз. Атап айтқанда, сервистік полицияны қалыптастыру, ашықтықты арттыру және ішкі істер органдарындағы қатарлардың тазалығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сөз етіп отырмыз. Агенттікпен жұмыс БҰҰ ЕҚБ және ІІМ жаңа жобасы аясында өте өзекті», деп атап өтті.

- Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жүргізген, ашықтықты арттыратын және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты төмендететін жұмысы таңғаларлық. Біз азаматтық қоғам мен бизнес-секторды сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне тартуды да ерекше атап өтеміз, - деді Орталық Азиядағы БҰҰ ЕҚБ Халықаралық бағдарламалар менеджері Кун Макверинг.

Тараптар өзара қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдіре отырып, жоғарыда көрсетілген бағыттарда өзара іс-қимылды нығайтуға келісті. Таяуда өңірдегі озық тәжірибелер бойынша сараптамалық жұмыс тобы құрылады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше