Атап айтқанда, Арал ауданы, Көкарал теңізінің жағасындағы тыйым салынған аймақта қайықпен ау салу арқылы тоғыз қап 484 кг торта балығын заңсыз аулағаны үшін жергілікті тұрғын ұсталды.
Сондай-ақ сол күні дәл осы тектес жағдайда 358 кг торта балықтарын аулағаны үшін Арал ауданының тұрғындары ұсталды. Айғақ заттар алынды.
Екі дерек бойынша да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.