Қазақстан • 09 Сәуір, 2021

Қазақстандық вакцина қашан дайын болады?

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маусымнан бастап ай сайын 500 мың доза қазақстандық вакцина шығарыла бастайды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық вакцина қашан дайын болады?

Ералы Тоғжановтың айтуынша, 25-27 сәуір күндері қазақстандық алғашқы вакцина негізгі хабтарға жеткізіледі. Олар Ақтөбе, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында орналасқан.

«Мамыр айында тағы 50 мың доза шығарылады. Одан кейін оның көлемі 100 мыңға жеткізіледі. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты вакцинаны өте көп мөлшерде шығаруға қауқарсыз. Олар 500 мың доза мөлшерінде шығара алмайды. Сондықтан өндіріс үшін қосымша алаң дайындап қойдық. Бірақ аталған институттың базасында вакцинаны дайындауға, өндіруге қажетті субстанция дайындалады. Субстанциядан бал-өнім әзірленеді. Ал бал-өнім негізінде вакцинаны одан ары құю жүргізіледі. Сондықтан маусым айынан бастап үлкен өндіріске, айына 500 мың доза шығарылатын болады», деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше