Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров аталған істің қазір қай сатыда екенін айтты.
«Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұйғыр аудандық соты судьясының үстінен қозғалған сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол сот актісін оның пайдасына шығарғаны үшін жеке тұлғадан аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. 29 наурызда Бас прокуратура судьяның ісін сотқа жолдады», деді Данияр Бекайдаров.